Бүгінде өңірімізде кадр тапшылығын шешу бойынша тыңғылықты жұмыстар атқарылуда.

Бүгінде өңірімізде кадр тапшылығын шешу бойынша тыңғылықты жұмыстар атқарылуда.

Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік және жекеменшік) барлығы 15168 медицина қызметкерлері бар, оның ішінде 3350 дәрігер, 11818 орта медицина қызметкерлері, сонымен бірге мемлекеттік ұйымдарда12781 медицина қызметкері болса, оның ішінде 2572 дәрігер, 10209 орта медицина қызметкерлері.

Бүгінде өңірімізде кадр тапшылығын шешу бойынша тыңғылықты жұмыстар атқарылуда.

Облысымызда медицина мамандарының тапшылығы да шешіліп келеді.

Осы мақсатта жергілікті бюджеттен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар кадрларды даярлау үшін гранттар бөлінеді. Айталық, жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 42 білімгер оқиды. Мысалы, жергілікті бюджет есебінен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алып (резидентура), оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен 35 дәргер өңірге жұмысқа келді.

Одан бөлек, 56 дәрігер резидентурада оқиды. Өңірге жұмысқа келген және келетін мамандарды тұрақтардыру мақсатында әлеуметтік қолдау көрсету үшін «Жамбыл облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Жамбыл облысының мәслихатының шешім
жобасы бекітілді.

Бұл атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта әлі де атқарар жұмыстар легі толастар емек. Әрине, салаға серпін беретін әрбір жетістікке жамбылдық медицина қызметкерлерінің қосқан үлесі өлшеусіз.

Баршаға белгілі, елімізде маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Осы орайда, барша жамбылдық ақ халатты абзал жанды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.

Адам өміріне арашашы абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы