Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер.

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі – дәрігерлер.

Оларды “ақ желеңді абзал жандар, адам жанының арашашысы” деп жатамыз. Қалай атасақ та артықтық етпейді.

Дәрігерді ұлығылау, құрметтеу – әр пенденің азаматтық борышы. Ауырсақ, сырқаттансақ бірден осы адамдарға жүгіреміз. Алдына барған бізге мейірім төге қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін береді.

Күн демей, түн демей қажет кезде жанымыздан табылады.

Ақ халатты абзал жандар болмаса, жер бетінде тіршілік болар ма? Бас ауырып, балтырымыз сыздаса дәрігерлердің көмегімен ғана жанымызға жай табатынымыз шындық. Олардың шипалы қолдарының арқасында өмірден күдерін үзген науқас адамдар аман-есен жарық дүниеге қайта оралады. Осындай бақытты жандардың атынан және SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы атынан барлық медицина қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, еңбектеріне сәттілік тілейміз.

Келе жатқан мереке құтты болсын, әріптестер! Отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен жеміс, тірліктеріңізге береке тілеймін.
Ұлт саулығын қалыптастыру жолыңдағы еңбектеріңіз жемісті болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы