16 қазан – Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог күні

16 қазан – Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог күні

16 қазан – Дүниежүзілік анестезиолог-реаниматолог күні. Бұл күні 1846 жылы эфирлік анестезия көмегімен алғашқы операция жасалды. Оны тіс дәрігері Томас Мортон жасады. Осылайша, «ауырмайды» деген түсінік өзекті болды.

Науқастардың бұған дейін нені бастан кешкенін елестетудің өзі қорқынышты!
Ал қазір бәріміз анестезиолог-реаниматологтың жұмысының қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, олар әрдайым операция жасайтын адаммен байланыста болады.

Анестезия — бұл ізгілік пен мейірімділікке толы ғылым, ал анестезиолог мамандығы өте күрделі және жауапты.

Анестезиологтар операция кезінде және операциядан кейінгі кезеңде ағзаның тіршілігін қамтамасыз етудің барлық процестері үшін жауапкершілікті өзіне алады.

Дәл осы дәрігерлер пациентті операцияға ертіп жүреді, операциядан кейін оны қарсы алады. Көзге көрінбесе де өте маңызды қызметтеріңіз үшін көп рахмет!

Әріптестерімізді кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, бақыт, денсаулық, сәттілік тілеймін.

Мыңдаған құтқарылған өмірлер үшін, ерен еңбектеріңіз және медицинаға адал қызметтеріңіз үшін алғыс айтамыз!

“SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы