Кәсіподақ – еңбек адамының тірегі!

Кәсіподақ – еңбек адамының тірегі!

10 қазан – кәсіподақтар күні.

Жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты реттеуде кәсіптік одақтардың рөлі зор.

Әр адамның бірлесу бостандығының құқығы, оның ішінде кәсіподақтарға бірігу құқығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 23-бабында бекітілген.

Кәсіподақтардың қызметін реттейтін негізгі нормативтік құқықтық актілер –2014 жылғы 27 маусымдағы «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңы, ҚР Еңбек кодексі және басқа да бірқатар заңдар болып табылады.

Кәсіподақтардың жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау құқығы «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңының 16-бабында бекітілген.

Қай қоғамда болмасын, жұмыс беруші мен қызметкерлер арасында жалақы төлемеу, жұмысшы құқығын шектеу сияқты түйткілдердің туындап отыратыны жасырын емес. Кейде еңбек даулары сот арқылы шешіледі. Осындайда жағдайды ушықтырмай, мәселені оңтайлы шешуде үлкен рөл атқаратын қоғамдық маңызы зор институт, ол – кәсіподақ ұйымдары.

Біз сала мамандарын еліміздің кәсіподақтар күнімен құттықтаймыз! Бұл күн әрдайым өзара көмек, шығармашылық пен бірліктің нышаны бола берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Кәсіптік мереке құтты болсын!