Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті

Бүгін медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтіп, оған облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов қатысып, аймақта тұрғындар денсаулығын арттыру бағытында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді құттықтады. “SENIM» Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы”РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Гүлмайра Момбекова облыс әкімінің қолынан “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталды. Біз филиал төрайымы Гүлмайра Асанқызына қашан да биіктерден көрініп, жасап отырған еңбегінің еселене түсуіне, жетістіктер мен толағай табыстарға кенеле беруіне тілектеспіз. Отбасыңыз аман, деніңіз сау, күш-қайратыңыз мол болсын, құрметті Гүлмайра Асанқызы!

Марапат құтты болсын! Кәсібіңіздің нәсібі мол болсын!

Мереке құтты болсын!