Опубликовано: 18.03.2024
Бұл — халықтың ұлттық құндылығын көрсетететін, мәдени мұраның бір бөлігі — ұлттық киімді айшықтайтын, басқаларға өз ұлтымыздың нақыштарын, әдемі ою-өрнектерін насихаттайтын күн. Олай болса, ұлттық киіміміз жасай берсін! Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ұлттық құндылықтарымыз жасай берсін! SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова […]
Опубликовано: 17.03.2024
«Отан — отбасынан басталады», — демекші, еліміздегі әр шаңырақ ұлттық, отбасылық құндылықтарды қадір тұтып, ұрпаққа өнеге бола білуі тиіс. Осы күні отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларға арналған мәдени іс-шаралар өтеді. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың қадір-қасиеті айрықша. Ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан материалдық және рухани мұра, сонымен қатар отбасының тұрақтылығы мен ұрпақтың үздіксіз […]
Опубликовано: 15.03.2024
Бұл күн — еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру — аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық — кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің […]
Опубликовано: 14.03.2024
Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. «Наурыз» сөзі «жаңа күн» дегенді білдіреді. Ертеде қазақ бұл күнді «наурыз» демей «амал» деген. Бұл сөздердің айырмашылығы жоқ деуге болады. Ал бұл қазіргі күнтізбе бойынша 14 наурызға сәйкес келіп отыр. Көрісе отырып, бір-біріне […]
Опубликовано: 07.03.2024
Көктемнің жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен ең жақсы және жылы тілегімді қабыл алыңыздар! Бұл мереке — сұлулықты, нәзіктік пен сүйкімділікті бейнелейді, әйелдің рөлі қаншалықты маңызды және баға жетпес екендігі асыл екендігі туралы жалпы түсінігімізді арттырады. Әйелдің нәзік иығында ерекше жауапкершілік пен отбасылық ошақты сақтау қабілеті бар. Осы тамаша көктем мерекесінде өз өмірін […]
Опубликовано: 01.03.2024
Сіздерді 1-наурыз — Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Жүректеріңізден рухани байлық, адамгершілік, имандылық, кішіпейілділік қасиеттері кетпесін. Дендеріңіз сау, жастарыңыз ұзақ, ынтымақты да берекелі болыңыздар. Алғысқа бөлене беріңіздер! Көңілдеріңізді кір шалмасын! Бармақтай бақ, шаш-етектен дәулет берсін! Мерейлеріңіз үстем болсын! SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова Гүлмайра Асанқызы
Опубликовано: 01.03.2024
2024 жылдың 29 ақпанында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының Кеңес мәжілісі өтті. Кеңес жұмысына Жамбыл облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары қатысты. Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, Жамбыл облыстық филиалының 2023 жылда атқарылған жұмысының қорытындысы және бақылау-тексеру комиссиясының есебі тыңдалып, Кеңестің құрамына жаңадан сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары енгізілді. […]
Опубликовано: 28.02.2024
Жалпы, денсаулық сақтау саласында қандай реформа жүргізілсе де, ол тұрғындардың денсаулығын сақтауға арналады. Алдымен барлық құрмет — қоғамға және оның басты байлығы — адамға жасалуы тиіс. Дегенмен, бүгінде дер кезінде дәрігерге келмей, уақыт өткізіп алып, дәрігердің қолынан көп нәрсе келмей жатқанда, осы ақ халаттыны жерден алып, салып, оны ең жаман адам қатарына қосады. Дәрігерлердің біліктілігі […]
Опубликовано: 21.02.2024
Мемлекеттің демографиялық көрсеткішінен бастап, адам капиталының сапасы, жалпы халықтың өмір сапасы аталған құрылымның жұмысымен байланысты екені анық. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінің дамуы – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатындағы маңызды мәселелерінің бірі. Медицина социологиясының беделді өкілі А.В.Решетников «дәрігердің әлеуметтік мәртебесі еңбек ақысы, мамандықтың мәртебесі, өзін-өзі шыңдау сияқты критерийлерге байланысты» дейді. Медицина қызметкерлерінің мәртебесі – денсаулық сақтау жүйесінің тиімді […]