Құрметті бұқаралық ақпарат өкілдері қызметкерлері!

Құрметті бұқаралық ақпарат өкілдері қызметкерлері!

Қадірменді журналистер қауымы!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Журналистика – қызығы мен қиындығы мол, зор жауапкершілікті қажет ететін кәсіп.

Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп, баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы облыс тұрғындарына жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді.

Сіздердің тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.

Өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі істеріңізге табыс пен абырой, шығармашылық шабыт пен береке тілеймін.

Мерекелеріңіз құтты болсын!

“SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы