Құрметті медицина қызметкерлері!

Құрметті медицина қызметкерлері!

Ақ халатты абзал жандар!

Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Денсаулық – басты байлық. Осы байлықты сақтауға септігін тигізіп отырған бірден-бір мамандық иелері – медицина қызметкерлері.

Бұл күн – жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, жанын қоярға жер таптырмай азаптаған ауруынан айықтырып, ақ халытты періштедей жанына дауа, тәніне шипа болардай ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып, ел үшін еңбек еткен асқан шеберліктің иесі ақ халатты абзал жандардың мерекесі.

Сіздердің жеке тұлғалық қасиеттеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңыз — науқастардың сауығуының басты шарттарының бірі. Бірауыз жылы сөздеріңіз қамкөңіл науқастың жанына шипа болып, дертіне дауа береді. Дегенмен, әр тұрғынның өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қандай да дерттің алдын-алуға дағдылануының қалыптасуы қажет. Өйткені, халық даналығы «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген.

Өмірлік кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз бен отандық медицинаның үздік дәстүрлерін сақтап, дамыту жолындағы ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс.

Біз Сіздердің жетістіктеріңізбен мақтанамыз.

Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, тұрақтылық және жақындарыңызға бейбітшілік пен жақсылық тілеймін!

Құрметпен, Гүлмайра МОМБЕКОВА, «SENIM» Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы”РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы