Скандинавиялық серуендеу: қыста жүру ерекшеліктері

Скандинавиялық серуендеу: қыста жүру ерекшеліктері

Скандинавиялық жаяу жүріс – дене шынықтырудың бір түрі, түрлендірілген жұп шаңғы тіректерімен таза ауада жаяу жүру.

Ұзақ мерзімді медициналық зерттеулер таяқпен жүрудің денсаулыққа жағымды әсерін растады, бұл скандинавиялық серуендеуді жүрек және қан-тамыр аурулары, тірек-қимыл аппараты, тыныс алу жүйесі, жүйке жүйесі және т.б. әртүрлі аурулардың алдын-алу және емдеу әдісі ретінде кәсіптік пайдалануға серпін берді. Бүгінгі күні скандинавиялық жүріс кинезотерапия, яғни қозғалыс арқылы емдеу түрлерінің бірі болып табылады.

Скандинавиялық жүріспен айналысқан адамның бойындағы бұлшық еттердің 90 пайызы шынығады. Ал буындары мен омыртқаға түсетін күш 30 пайызға төмендейді. Жүрек соғысы жиілеп, қан тамырлары жүйесіне жағымды әсер етеді. Калория жай жүрістен қарағанда 45 пайызға көп жұмсалады. Ағзаға түсетін оттегі мөлшері 30 пайызға көбейеді. Сондықтан таяқтармен жүруді семіздікке бейім немесе семіздікке ұшыраған адамдарға ұсынылады.

Мұндай физикалық белсенділік созылмалы және жұқпалы аурулардың өршуі кезінде, денсаулықтың нашарлығына байланысты және жақында инсульт, инфаркт және операциядан кейін адамдарға ұсынылмайды.

Бұл спорт түрінің бір артықшылығы — жылдың кез келген мезгілінде жалғыз, не топ болып шұғылдануға болады. Бастысы — арнайы құрал-жабдығың (таяқ) мен киімің дайын болса болғаны.

Бәрінен бұрын арнайы таяғы қажет. Ол жеңіл әрі берік металдан жасалады. Шаңғы таяғына да ұқсайды. Бірақ одан сәл қысқалау болады. Бұл таяқ денеге түсетін күшті қалыпты ұстауға көмектеседі.

Арнайы таяқтың да екі түрі болады: ұзындығы белгіленген және телескопиялық (жылжымалы сегменттері бар). Олардың биіктігі орта есеппен кіндіктен сәл жоғары болуы тиіс. Жылдам және қарқынды жүру үшін ұзын тіректерді қолданады. Жаяу жүруге арналған таяқтар алюминий, карбон немесе композициялық материалдардан болуы мүмкін. Олардың ерекшелігі — қолғапқа ұқсас және таяқшаның тұтқасына бекітілген, «темляк» деп аталатын білезікке арналған арнайы белдігі болады.

Таяқпен бірге ауыспалы ұштықтар қолданылады. Асфальт, бетон және плитка үшін — резеңке ұштық алған дұрыс. Ал мұзда, қарда, жерде және соқпақта жүру үшін — металл, үшкір түрлерін пайдалану керек. Бұл жүру кезінде көп көмек береді.

Скандинавиялық жүрісте арнайы аяқ-киім қажет емес. Бастысы кроссовка болсын, бәтеңке болсын, аяққа ыңғайлы, әрі іші жұмсақ болғаны жөн.

Қыс мезгілінде тоңып қалмас үшін тым ұзақ серуендемеңіз. Мұрын арқылы салқын ауамен дем алып, ауыздан шығару керек. Серуенде ұзақ уақыт тоқтамаңыз.

Ең бастысы – негізгі ережені сақтау: алдымен аяқты өкшеге, содан кейін саусаққа қойыңыз. Қадамды оң аяғыңызбен бастаңыз, сол қолыңыз алда, ал сол аяғыңыз бен оң қолыңыз артта болуы тиіс. Арқаны түзу ұстаңыз.

Қыс мезгілінде суық ауа райына байланысты жылы, бірақ ыңғайлы киім болуы қажет. Күн жылылау болса, футболка, жемпір, тығыз шалбар және спорттық күртеше болса жеткілікті болады. Өзіңізбен бірге бас киім, қолғап пен шарф алыңыз.

Скандинавиялық таяқшалар белгілі бір ұзындықта болуы керек, ол үшін Сіздің бой ұзындығыңызды 0,68 коэффицентіне көбейтіп, беске көбейту керек. Мысалы, Сіздің бойыңыз 170 см: 170х0,68=115,6 – таяқтардың биіктігі 115 см болуы тиіс.

Жүру кезінде қозғалыс ұзақтығы мен жылдамдығы әркімде әрқалай. Бұл ретте, егер сіз техниканы қадағалап, күш салсаңыз, нәтиже шығады. Орта есеппен аптасына кемінде үш рет кем дегенде 45 минуттан айналысу керек. Бірақ бір сағат жүргеніңіз абзал.

Кез келген жастағы дене белсенділігін, салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Денсаулық» мәдениет және демалыс саябағында медицина қызметкерлері «Скандинавиялық жүріс» бойынша сабақтар өткізеді.

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді «Скандинавиялық жүріс» және «Йогаға» қатысу үшін «Денсаулық» саябағына шақырамыз.