Спорттық бильярдтан қалалық турнир

2024 жылдың 6 шілдесінде Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бастамасымен және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының қаржылай қолдауымен Медицина қызметкерлері күні мерекесіне арналған спорттық бильярдтан қалалық турнир өтті.

Турнирге «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының кәсіподақ мүшелері қатысты.

Турнир қолданыстағы спорттық бильярд ережелеріне сәйкес өткізілді. Ойын олимпиада жүйесі бойынша өтті. Әр кездесу екі жеңіске дейін, финалдық кездесу үш жеңіске дейін өтті.

Бильярд столдарында Тараз қаласының бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 17 қатысушы тартысты бәсекеге түсті. Турнир қорытындысы бойынша:

I орынға және 200 000 теңге сертификатына ие болған — Көпелбек Талғат Оразбекұлы, «САДЫХАН» облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығының эпидемиолог- дәрігері;

II орынға және 150 000 теңге сертификатына ие болған — Дуйсеков Гани Келдибаевич, Қалалық көп бейінді ауруханасының хирургі;

III орынға және 100 000 теңге сертификатынаие болған — Усенов Абзал Темирбекович, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының торакалді хирург -дәрігері.

Сонымен қатар, келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:

-«Ең ұзын серия» және 10 000 теңге сертификатына ие болған- Дуйсеков Гани Келдибаевич, Қалалық көп бейінді ауруханасының хирургі;

— «Алғашқы доп» және 10 000 теңге сертификатына ие болған — Көпелбек Талғат Оразбекұлы, «САДЫХАН» облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығының эпидемиолог- дәрігері;

— «Жеңіске деген ерік – жігері үшін» және 10 000 теңге сертификатына ие болған — Есимов Ержан Умирбекович, Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі.