Дүниежүзілік травматологтар күні

2022 жылдың 20 мамырында Дүниежүзілік травматологтар күніне орай «СЕНІМ» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы травматолог-дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Травматология – медицинаның ең көне салаларының бірі. Оның тарихы көптеген ғасырлар бұрын басталады. Травматологтың жұмысы үлкен жауапкершілікпен байланысты. Кез келген қате мүгедектікке әкелуі мүмкін.

Травматолог мамандығы – нағыз кәсіп. Ол ұқыптылықты, жауапты шешімді тез және теңгерімді қабылдай білуді, жоғары біліктілік пен тәжірибені қажет етеді.

Кәсіби мерекеге орай табысты жұмысы мен жоғары кәсіби шеберлігі үшін оларға Жамбыл облыстық филиалы төрайымының атынан Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біз оларға зор денсаулық, еңбекте табыс және отбасылық бақыт тілейміз. Ұлт саулығын арттыру жолындағы жұмыстары алға баса берсін! Отбасыларына амандық, қызметтеріне береке мен нәсіп тілейміз.