Халықаралық қарттар күні!

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп, «Халықаралық қарттар күніне» арналған салтанатты іс-шаралар өткізді. Бұл мереке елімізде жыл сайын 1-қазан күні аталып өтіледі. Қарттар күнін атап өту әрбір адамға үлкендерді құрметтеуді еске салады және олардың мәселелеріне қоғамның назарын аударады. Осы мереке аясында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-ніңЖамбыл облыстық филиалының барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары салтанатты іс-шаралармен қатар, ардагерлеріне көшпелі құттықтаулар ұйымдастырды. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Г.А.Момбекова, Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Е.Т. Мусабаев, Жамбыл облысының Ардагерлер кеңесінің төрайымы Т.И.Аширбаева, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Беккулиев К. және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларыденсаулық сақтау ардагерлерін құттықтап, олардың адал еңбегі, өскелең ұрпақты тәрбиелегені, Жамбыл облысының Денсаулық сақтау саласын дамытуға және кәсіподақ қозғалысын нығайтуға қосқан үлесі үшін зор алғыстарын білдірді. Алғыс белгісі ретінде ардагерлерге естелік сыйлықтар мен азық-түлік себеттері табыс етілді.