«Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медицина қызметкерлері арасында облыстық байқаудың жүлдегерлері марапатталды

Облыс әкімі Е.Қарашөкеевтің қатысуымен «Денсаулық сақтау саласындағы үздік ұйымдастырушы» атты медицина қызметкерлері арасында облыстық байқауға 20 қызметкер қатысты.

“SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен өткен байқаудың “Үздік ұйымдастырушы” номинациясын, яғни бас жүлдені Жамбыл облыстық мамандандырылған оңалту орталығының бас дәрігері Бугибаев Толеген Такежанұлы ( 500,000 қаржылай сыйлық),

1-орынды Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігердің медициналық бөлімі бойынша орынбасары Байбеков Айдын Оскарұлы ( 400,000 қаржылай сыйлық),

2-орынды Меркі аудандық орталық ауруханасының жылжымалы медициналық кешен меңгерушісі Төреқұл Қаламқас Батыралықызы (350 000 қаржылай сыйлық),

3-орынды Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Қазанғапова Гүлнұр Қалдыбекқызы (300 000 қаржылай сыйлық) алды.

“Үздік көшбасшы” номинациясын Исаков Алмас Еркімбекұлы, “Мерейлі дәрігер” номинациясын Абдреимова Гүлмира Икрамханқызы, “Үздік инноватор” номинациясын Дүйсенбиева Елизавета Алтынбекқызы, “Креативті ұйымдастырушы” номинациясын Бегелтаева Айдана Жомартқызы, “Үздік үйлестіруші” номинациясын Кулымбетова Асел Мырзалықызы, “Үздік сарапшы” номинациясын Отыншиев Мұратқали Абзелбекұлы, “Үздік ментор” номинациясын Абитаев Бекзат Асылбекұлы, “Үздік спикер” номинациясын Жүнісбеков Бағлан Қыдырәліұлы, “Білгір дәрігер” — Ақмарал Бодаубекова, “Үздік стратег” номинациясын Апаев Эльдар иеленді.

Қалған қатысушыларға “Алғыс хаттар” мен 100 000 қаржылай сыйлықтар берілді.