Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі.

Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі.

Бұл күн — еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады.

Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет.

Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру — аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық — кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған.

Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген.

Сол себепті «Қайырымдылық» күні — қазіргі қазақ қоғамының
басты құндылықтарының бірі.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қандай қайырымды іс жасасаң да барлығы өзің үшін.

Олай болса, қайырымды істеріңіз көбейе берсін!
Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің.

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы