Құрметті денсаулық сақтау саласында қызмет етуші медицина қызметкерлері, қадірменді ардагерлер!

Құрметті денсаулық сақтау саласында қызмет етуші медицина қызметкерлері, қадірменді ардагерлер!

Көктемнің жарқын мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен ең жақсы және жылы тілегімді қабыл алыңыздар!

​Бұл мереке — сұлулықты, нәзіктік пен сүйкімділікті бейнелейді, әйелдің рөлі қаншалықты маңызды және баға жетпес екендігі асыл екендігі туралы жалпы түсінігімізді арттырады.

Әйелдің нәзік иығында ерекше жауапкершілік пен отбасылық ошақты сақтау қабілеті бар.

Осы тамаша көктем мерекесінде өз өмірін медицина мамандығына арнаған әйелдерге – дәрігерлерге, фельдшерлерге, медбикелерге, зертханашыларға, денсаулық сақтауды ұйымдастырушыларға тек алғыс айтамын.

Сіздер , біздің медициналық қызметіміздің негізін қалайсыздар.

Қашан мейірімді болу қабілеті, көмекке келуге және жылулықпен, мкйірімділікпен бөлісуге дайын болу, адамзаттың әдемі жартысына тән қасиеттер — сіздердің
мамандықтарыңыздың ажырамас бөлігі.

Сіздердің көпшілігіңіз бұл мерекені жұмыста – емханалық және ауруханалық бөлімшелерде, жедел жәрдем машиналарында, операциялық бөлмелерде және зертханаларда қарсы аласыздар.

Сіздердің мыңдаған пациенттеріңіздің өмірі мен денсаулығын сақтау жолындағы күнделікті жұмыстарыңыз шексіз құрметке лайық.

​Құрметті әйелдер! Сіздерге зор денсаулық, жақсы көңіл-күй, отбасылық амандық, кәсіби табыс, тілектердің орындалуы, бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы