«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының Кеңес мәжілісі өтті

2024 жылдың 29 ақпанында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалының Кеңес мәжілісі өтті. Кеңес жұмысына Жамбыл облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағалары қатысты.

Кеңестің күн тәртібіне сәйкес, Жамбыл облыстық филиалының 2023 жылда атқарылған жұмысының қорытындысы және бақылау-тексеру комиссиясының есебі тыңдалып, Кеңестің құрамына жаңадан сайланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары енгізілді.

​Кеңестің қорытындысы бойынша «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының 2023 жылда атқарылған жұмысына қанағаттанарлық деген баға беріліп, филиал қызметінің 2024 жылға арналған негізгі бағыттары айтылды.

Сонымен қатар, Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Момбекова Гүлмайра Асанқызы, Кеңеске қатысқан бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының жұмыстарына оң баға беріп, алғыс білдірді.