Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұсынды Президент елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын жариялады

О ситуации по коронавирусной инфекции в Жамбылской области

Бұл Жолдау мемлекеттік басқарудың жаңа моделі, жаңа жағдайдағы экономикалық даму, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, қолжетімді, әрі сапалы білім, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, індеттен түбегейлі құтылу үшін вакцинация жасау жолдары, азаматтардың мүддесін қорғау, ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру және тағы басқаларына арналды. Жалпы, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары туралы айтылған Жолдауда Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі елдің болашағы жөнінде айта келіп, қиындықтарға қарамастан бағыт-бағдарымыз айқын, жолымыз түзу екендігін айтып, көңілімізге қуаныш ұялатты. Бағыт-бағдарымыз айқын, болашағымыз анық, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбегі зор. Жолдау — еліміздің бас құжаты. Еліміздің алға деген ұмтылысын, болашаққа нық қадамын көрсететін Жолдауды қашан да қолдауға әзірміз.

Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Гүлмайра Момбекова.