«Еңбек кодексі-жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері» және «Кәсіподақ көшбасшысының тиімді коммуникациясы мен имиджі» тақырыбында семинар – тренинг өтті

2022 жылдың 22-23 қыркүйегінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің Жамбыл облыстық филиалы «Еңбек кодексі-жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері» және «Кәсіподақ көшбасшысының тиімді коммуникациясы мен имиджі» тақырыбында филиалдың бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен «Мерке-Радон»шипажайында семинар – тренинг өткізді.

Семинарға Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Гүлжан Берікқызы Бакирбаева және «НИКА» коммуникативтік даму орталығының басшысы, жетекші бизнес — тренер, коммуникация бойынша марафондардың авторы, 2016 жылғы шешендік чемпионаттың жеңімпазы, сондай-ақ, Мәскеу риторика және шешендік өнер университетінің жаттықтырушы-лицензиаты Салтанат Қашағанова шақырылды.

Семинар-тренингтің мақсаты-Кәсіподақ қызметкерінің имиджін және кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттыру, құрылым ішінде коммуникация дағдыларын дамыту, өзін-өзі тұрақты оқыту тетігін енгізу, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеу кезінде сенімділік пен жеңілдікке ие болу.

Семинар қорытындысы бойынша барлық қатысушылар оқыту туралы атаулы сертификаттарға ие болып, одан әрі кәсіби өсу және жұмыста қолдану үшін нақты проблемалар бойынша көптеген қажетті ақпарат, практикалық кеңестер алды.