Құрметті әріптестер! Баршаңызды кәсіби мереке – Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті әріптестер! Баршаңызды кәсіби мереке – Халықаралық мейірбикелер  күнімен шын жүректен құттықтаймын!

12 мамыр-Дүниежүзілік мейірбикелер күні.

Бұл кәсіби мереке Қырым соғысы кезінде (1853-1856 жж.) санитарлар отрядын ұйымдастырып, басшы болған ағылшын медбикесі Флоренс Найтингейлдің туған күні құрметіне орай атап өтіледі.

Бүгінде дәрігердің баға жетпес көмекшісі болып жүрген мейірбике қызметі маңыздылығы ерекше мамандық. Қашаннан дәрігерлер мен мейірбикелерді ізгіліктің нұрын себушілер деп атайды.

Жалпы, мейірбике ісі – ең жауап­ты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін маман иесі.

Мейірбикелердің жауаптылығы мен адалдығына орай арнайы халықаралық мейірбикелер күні де белгіленген болатын.

COVID-19 пандемиясы кезінде жұқпалы аурулар ауруханасында, провизорлық стационар, жедел медициналық жәрдем станциялары мен жалпы, барлық денсаулық сақтау ұйымдарында орта буын медицина қызметкерлері жоғары патриоттық сезіммен, жоғары жауапкершілікпен, кәсіби біліктілігін көрсетіп, еңбек етті. Көмек қажет еткен адам ғана медицина қызметкерлерінің науқасқа деген ерекше мейірімін, әр пациентке мұқият қарайтынын қасиеті мен шеберлігін көре алады. Тәулік бойы, мереке күні де алдыңғы шепте жүрген барлықтарыңызға шексіз алғыс айтқым келеді.

Ең жауапты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін, сырқатына ем, дертіне дауа іздеген талай жандардың көңіліне демеу бола білген, күндіз-түні адам жанының арашашысы болып жүрген ізгілікті маман иелері — медбикелер. Олардың науқастарды күтіп-бағуда, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері айтарлықтай зор. Ал осындай мәртебелі мамандық иелеріне қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді.

2021 жылы облыс бойынша орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу — 105,5 болды.

Бүгінде денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік және жеке меншікбарлығы 15538 медицина қызметкерлері болса, оның ішінде 3364 дәрігер, 12174 орта медицина қызметкеткері, сонымен бірге мемлекеттік ұйымдарда 12974 медицина қызметкері болса, оның ішінде 2565 дәрігер, 10409 орта медицина қызметкерлері, жекемншік ұйымдарда барлығы 2564 медицина қызметкерлері болса, оның 799-ы — дәрігер, 1765-і — орта буын медқызметкерлер.

Құрметті медикелер! Қадірменді орта буын медицина қызметкерлері!

Шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, жасап отырған жұмыстарыңызға табыс, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Мереке құтты болсын!

Гүлмайра МОМБЕКОВА, «SENIM» Денсаулық сақтау жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы”РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы